Атырау облысында пара алған ауыл әкіміне 32 миллион теңге айыппұл салынды
271

"Сотталушылар кінәсін мойындап, жедел іздестіру іс-шараларының және тергеу әрекеттерінің нәтижелері, бейнефонографиялық сараптама қорытындысы, мемлекеттік аудитордың қорытындысы, банк құжаттары арқылы дәлелденді", - деді Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Сот үкім шығару кезінде экс-әкім мүгедек бала асырап отырғанын, ал екінші айыпталушының ата-анасы қарт екенін ескерген. Екі айыпталушы да өз кінәсын толық мойындады.
Сот үкімімен бұрынғы шенеунікке 32 миллион теңге, оның сыбайласына 16 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотталғандардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және сотталушылар шағымдануына болады.