«Адал көмек» алаңында «Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
138
28.07.2022 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Ж. Жаңабаевтың азаматтарды қабылдауы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтарды қабылдау барысында халықты жұмыспен қамту, оның ішінде бос және әлеуметтік жұмыс орындарына жастар тәжірибесі мен қоғамдық жұмысқа орналасу және «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курстарына оқыту, «Алғашқы жұмыс орыны» жобасына қатысты түсіндірмелер жүргізілді.
Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша ұсыныстары талқыланып, қойылған сұрақтарына түсіндірме жауаптары берілді.
Бұл ретте, қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым мәселесі, парасаттылық пен адалдық принциптері кеңінен насихатталды.
«ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында апта сайын азаматтардың өзекті мәселелері бойынша кездесулер өткізілуде.