Екі жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткен

1 610

Фото: Lada.kzМаңғыстау облысында екі жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Екі жасар қыз үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырына түсіп кеткен. Жақындары баланы құтқарушылар келгенге дейін шығарып алған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.

Құтқарушыларға шақыру 31 наурызда сағат 13:12 шамасында түскен.


"Бала құтқарушылар келгенге дейін құтқарылды", - деді Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.