Шиелілік қоғам белсендісі қамауда

1 082
«Шиелі аналары» қоғамдық қорының төрайымы Гүлзинат Сағындықова қамауға алынған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, үй-күйсіз жүрген әлеуметтік осал топтар мен мұқтаж отбасыларының баспанаға қол жеткізуіне ықпал жасап жүрген Гүлзинат Сағындықова сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


Бүгінгі күнге дейін  30-дан астам отбасыға қайырымдылық есебінен тұрғын үй алып берген қор төрайымы сол қызметі үшін әр қайсысынан 2 миллионға жуық ақша жымқырды деген күдікпен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде екен. 


Бұл туралы Шиелі ауданының полиция бөлімі «Шиелі ауданының полиция бөлімімен Г.Сагиндиковаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, Шиелі аудандық сотының қаулысымен күзетпен ұстау санкциясы берілді кәзіргі таңда тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.»,- деп мәлімдеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.