Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

346
Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады», - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.