Мектепте ішімдікке тәуелді күзетшілер жұмыс істеген

1 557

Фото: PixabayКөкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментінің бірлесіп, ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тексеру барысында «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.

Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.