Дубай шоколадын сатып адамдарды алдаған алаяқ 3 жылға сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астанада дубай шоколадын сатамын деген сылтаумен тапсырыс берушілердің ақшасын алып алдаған алаяқ 3 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталған адамға қатысты істі қарады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Дегенмен қорғаушы тарап бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады”, – делінген хабарламада.
Сот жасаған ісіне өкіну және зиянды өтеуі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






