Екі жүкті әйел есірткі тасымалдаған

1 130

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: omum.frҚарағандыда екі жүкті әйел синтетикалық есірткіні көлікпен тасымалдаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі тасымалдаушылардың бірі Қарағандыдан шамамен 20 шақырым жерде ұсталды. Оның көлігінің жүксалғышынан екі келіден астам синтетикалық есірткі табылған.

Тергеу барысында әйел тыйым салынған заттарды еліміздің оңтүстік облыстарынан әкелгенін мойындады. Полиция екінші курьерді қаланың ішінде ұстады.

“Екеуі де ауқатты отбасынан шыққан, табысы бар. Біреуі көпбалалы ана екен. Енді олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп мәлімдеді полиция.

Жыл басынан бері облыста ақпараттық ресурстар арқылы есірткі сату бойынша 71 қылмыстық іс қозғалса, оның 40-ы граффити арқылы жарнамалауға қатысты. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.