Директор кабинетін оқушыларға беріп, өзі жертөлеге орналасқан

310
Ақтөбедегі мектепте оқушылар санының көптігінен директор өз кабинетін босатып берген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектепте қазіргі таңда 3603 оқушы білім алады. Оқу ордасы болса 2400 орындық. Сондықтан, киім ілетін бөлмелер, қызметтік кабинеттер мен дәлізді де кәдеге жаратуға тура келген екен. Мәселен, мектеп басшысы Абзал Тәжімішев қызметтік кабинетін 11 сынып оқушыларына босатып беріпті. Ал өзі болса ғимараттың жертөлесіндегі бөлмені жөндеп, сонда көшіп алған.

1 қыркүйектен бастап осында жұмыс істеп жатырмын. Норматив бойынша 1 ауысымда 1200, екіншісінде 2400 оқушы білім алуы керек. Алайда, бізде балалар саны 1200 адамға артық. Амал жоқ, бос жердің бәрін сыныпқа айналдырдық, - дейді мектеп директоры.

Директордың кабинетінен бөлек жертөледе түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар орналасыпты. Кейбірін ұстаздар өз күшімен жөндеуде. Мысалы, домбыра үйренушілерге арналған кабинетті осы мектептің математика пәнінің мұғалімі сылап жатыр екен.

10 жылдан бері ұстаздық етемін, осы мектепте жұмыс істеп келе жатқаныма 3 жыл болды. Құрылысты студент кезімде үйреніп, ақша табатынмын. Қазір міне мектепке көмектесіп жатырмын, - дейді ол.



Оқушылардың көптігінен үзіліс кезінде мектепте еркін жүру мүмкін емес. Ең көп бала бесінші сыныптарда, барлығы 495 жеткіншек. Олардан бір жас кіші оқушылардың саны 460. Жыл сайын мектеп 500 баламен толығып отырады екен. Сондықтан, қазіргі таңда қосымша ғимарат салу мәселесі қарастырылып жатыр. Әзірге оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.