Атырауда 52 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

465

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын босанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

19 қаңтар күні әйел Атырау облыстық перинаталдық орталыққа түсті. Оған шұғыл түрде ота жасалып, ұл бала дүниеге келді. Жаңа туған сәбидің салмағы 3 келі 70 грамм, бойы - 51 сантиметр. 
Қазіргі уақытта анасы мен баласының жағдайы жақсы, үйге шығарылған. Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметіндегілер әйелдің ұзақ уақыт бойы табиғи жолмен бала көтере алмағанын атап өтті. Жасанды ұрықтандырудың арқасында ол жүкті болып, көптен күткен перзентін бауырына басты. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.