Құдықтан ер адамның денесі табылды

1 680

Фото: ашық дерек көзіТаразда ер адамның денесі тұрғын үйлердің бірінің маңындағы құдықтан табылды. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Instagram желісінде бір күн бұрын қоғамдық тәртіп сақшыларының марқұмның денесін құдықтан алып шыққаны түсірілген куәгердің видеосы жарияланды. Автор бұл кадрлар қаланың 10-шағынауданында түсірілгенін жазған. Бұл факт бойынша Жамбыл облыстық полиция департаменті учаскелік полиция инспекторы құдық ішінен ер адамның денесін тапқанын хабарлады. 

"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұм шамамен 50-60 жаста. Қазір ер адамның жеке басы анықталып жатыр", - деді полиция департаменті өкілдері. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.