Қызылорда түрмесінде темекі қорабына жасырылған есірткі тәркіленді

1 488

Фото: Polisia.kzҚызылордада сотталған азамат темекі қорабына жасырып есірткі өткізбек болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде қала ішіндегі жұмыс орнынан оралған сотталған азаматты тексеру барысында тыйым салынған затты алып кіруге әрекет жасалғаны анықталды. 

Тексеру кезінде оның қалтасындағы темекі қорабы қаралды. Нәтижесінде үш дана темекінің ішінен өткір иісі бар жасыл түсті белгісіз зат табылып, жедел түрде тәркіленді. 

Арнайы жедел-тергеу тобы шақырылып, алынған зат сот-химиялық сараптамаға жолданды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, оның кептірілген марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне (Есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.