Білім бөлімінде істейтін 43 қызметкер 2,4 миллиард теңгені жымқырған

1 424

Фото: pixabay.comБілім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.

Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.

Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.