Білім бөлімінде істейтін 43 қызметкер 2,4 миллиард теңгені жымқырған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.
Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.
Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.
Қаз
Рус






