Бес жыл бойы дәретханада жасырынған қылмыскер ұсталды

1 532

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Бейнеден кадрларҚарағанды облысы полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде бес жыл бойы аса ауыр қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамның жасырынған жерін тауып, қолға түсірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Полиция күдіктінің қалай қолға түсіргенін көрсеткен. Бейнематериалға сүйенсек, ол жер үйдің ішіндегі дәретханының қабырғасынан «тесік» жасап алып, сонда тығылған.                                                

«Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйдің ішінде жасалды. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі. Алдын ала деректер бойынша, ер адам қала тұрғынынан қорқыту және күш қолдану арқылы 117 миллион теңгесін бопсалаған.  Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырыну шараларын қолданып келген, – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.