Елімізде ағаш экспортына тыйым салынады

484

Қазақстанда ағаштың жекелеген түрлерін экспорттауға мораторий жарияланды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Ресейден шыққан ағаш материалдарын рұқсатсыз қайта экспорттауға жол бермеу үшін, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ете отырып, ағаштың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге шыққан еліне қарамастан алты ай мерзімге тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов сонымен қатар ведомствоаралық комиссия отырысында экспорттық мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр алты ай сайын шектеулерді автоматты түрде жаңарту туралы ұсынысты мақұлдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.