Байқоңырда тағы екі зымыран ұшырылмақ

3 021

Фото: Роскосмос«Байқоңыр» ғарыш айлағында Роскосмостың 2023 жылғы ұшыру бағдарламасы аяқталғанына қарамастан, 2024 жылы ғарыштық ұшыруларға дайындық жалғасуда, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2024 жылы Байқоңырдан ұшыру жоспарына сәйкес, жаңа жылдың бірінші айында ұшырылымдар жоспарланбаған.


Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы 254-ші учаскесінің монтаждау-сынау корпусында «Прогресс МС-26» жүк кемесін дайындау жұмыстары жалғасуда. Ғарыштық жүк көлігі Халықаралық ғарыш станциясына 2024 жылдың 15 ақпанында ұшырылады деп жоспарланған.



Сондай-ақ С.П. Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы бақылау-зауыттық сынақтардан кейін «Союз МС-26» басқарылатын ғарыш кемесін Байқоңыр ғарыш айлағына жіберді. Оның ұшырылуы 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Кеме ғарыш айлағына пойызбен жеткізіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.