Түркістан облысында тауға шығып кеткен 7 адамға қатысты бүгінде не белгілі

380

Фото: pixabay.comТүркістан облысында тауға кеткен 7 жігіт іздестіріліп жатыр. Жас туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу жетуді көздеген. Жоспар бойынша 24 мамырда қалаға қайтып келуі тиіс еді. Бірақ олар келмеді. Жастар шыңды бағындыруды ертерек жоспарлағаны және гидтен бас тартқаны белгілі болып отыр.
Жеті адам Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы бірнеше шыңды бағындырып қайту үшін 21 мамыр күні жолға шығып кеткен. 


"Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алғандар үш күннен соң кері қайтулары тиіс еді. Бірақ оралмаған. Олардың жоғалғаны туралы құтқару қызметіне хабар 25 мамыр күні кешкі 18:30-да берілген. Іздеуге елуден аса адам жұмылдырылған. 


Белгілі болғанындай, жеті адамның алтауы - студент. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаевтың дерегінше, жоғалған жастардың екеуі Ақтөбе, біреуі Атырау облысынан, ал қалған екеуі Орал мен Жезқазған қаласының тумалары. 


"4-курс студенті. Астана қаласы Назарбаев университетінің студенті. Біреуі биыл бітірген Кентау қаласы лицейінің түлегі", - дейді Түркістан облыстық ТЖД Азаматық қорғаныс басқармасының басшысы Қанат Қарабалаев. 


Сайрам-Өгем ұлттық паркінің өкілі Бахыт Айнабековтің айтуынша, жастар шыңды бағындыруды ертерек жоспарлаған. Мамырдың ортасында бірі келіп, Сусіңген көліне өтуге рұқсат сұраған. Алайда ұлттық парктегілер ол аумақта жақында жауын-шашын болғандықтан, қар көшкінінің қаупі бар деп ескертіп, рұқсат бермеген. 


"Біздің жігіттер оларға жолсілтеуші ұсынған. Олар гид қажет емес деп бас тартқан. "Ол жаққа өзіміз барамыз" депті. Соған қарағанда бұрын барған секілді. Олар "Сайрамсу" арқылы өткен болып тұр. Әрі қарай "Сары айғыр, Юбилейный" шыңдары арқылы өтіп, Сусіңгенге баруды көздесе керек", - дейді Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Бақыт Айнабеков. 


Жеті жас Сусіңгенге жетті ме, жоқ па әзірге белгісіз. Бірақ жылы киім, жауын өтпейтін палаткалар алып кетті деген мәлімет бар. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.