Үйдің кіреберісіне кір жайғаны үшін 78 640 теңге айыппұл салынды

1 667

Фото: Police.kzАқтауда үйдің кіреберісіне жуылған киімдерін іліп қойған әйелге хаттама толтырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтауда 32 Б ықшам ауданы, 8-үйдің тұрғыны кірді кіреберіске жайып қойғаны үшін жазаланды. Киімдердің арасында тіпті әйелдердің іш киімі де болды. Әйелге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу” бойынша хаттама толтырылды.

Кір жаю – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады. Бапта жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салу қарастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.