Баласын туыстарына тастап, есірткі таратпақ болған 22 жасар қыз ұсталды
Көкшетауда 22 жастағы павлодарлық қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, ол кәмелетке толмаған баласын туыстарына қалдырып, есірткі таратумен айналысу үшін Көкшетауға барған. Болжам бойынша, бұған дейін Павлодарда да осындай әрекетке барған.
Қызды ұстау кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 50 орама мен белгісіз сұйықтығы бар 30 флакон табылды. Барлығы сараптамаға жіберілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында.
Қаз
Рус






