Наурыздан бастап педофилдерге электронды білезік тағылады
480
Алдағы айдан бастап шартты түрде сотталғандар мен педофилдер электронды білезік арқылы қадағаланатын болады,- деп жазды Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, жаңа әдіс 1 наурыздан бастап қолданысқа енеді.
Ішкі істер министрлігі биыл түрмеден шыққан 330 педофилге электронды білезіктер кигізбек. Бұл мақсатқа бюджеттен 356 миллион теңге бөлінді. Былтыр бұл жоба қанатқақты жоба аясында 80 адамға электрондық білезіктер тағылған болатын.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстан түрмелерінде кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін сотталған 2 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр.

«Сотталған адамды жеке есепке қою кезінде немесе жазаны орындау кезеңінде оның жеке мәліметтерін қамтитын құрылғы қолданылатын адамдардың тізімі жасалады. Егер үкім бас бостандығын шектеуге ауыстырылған болса, сотталушыға электронды бақылау құралы үй жағдайда тағылады. Оны бір жыл мерзімге ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Электронды білезікті бүлдірген жазасын өтеушілер жауапқа тартылатын болады», – делінген ресми хабарламада.