Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіров ескерткіші ашылды

424
Нұр-Сұлтанда белгілі балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ескерткіші ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіш спортшы құрметіне аталған жекпе-жек сарайы аумағында Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында орналасқан.

Ашылу салтанатына мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Сонымен қатар, шара қонақтарының арасынан боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те болды. 

Жекпе-жек сарайы 2019 жылдың 6 шілдесінде ашылған. Бес мың көрерменге арналған спорт ғимаратында бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық, сондай-ақ Олимпиадаға кірмейтін спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізуге болады. 2020 жылдың желтоқсанында оған Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген. 


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.