2 жасар бүлдіршін төртінші қабаттан құлап кеткен
Павлодарда 2 жасар бала үйдің төртінші қабатынан құлап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бала травматология бөлімшесінде ем алып жатыр.
Облыстық балалар ауруханасында екі жастағы ұл баланың жағдайымен бөлісті.
Дәрігерлердің сөзінше, баланың жағдайы жарақаттарына байланысты орташа ауырлықтағы деңгейде деп бағаланады. Барлық тиісті ем-дом іс-шаралары қабылдануда.
Жедел жәрдем станциясына 18 сәуірде кешкі сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабар келіп түсті. Медициналық бригада алты минутта жеткен.