Енді уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылуы мүмкін

203
Бүгіннен бастап депутаттық мандатты қайтарып алу институты енгізілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Енді депутаттар сайлауалды бағдаламасын дайындаған кезде өте сақ болғаны жөн. Себебі халық қалаулысы берген уәделерін орындамаса, қоғам сұранысын қанағаттандырмаса, мандатынан бір сәтте айырылуы мүмкін. Бүгіннен бастап депутаттық мандатты қайтарып алу институты енгізілді. Бұл өз кезегінде халық қалаулыларының жауапкершілігін арттырып, сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға ынталандырмақ, - деді вице-министр Алма Мұқанова.

Сондай-ақ ол президент құзіретін шектейтін заң нормаларына да тоқтала кетті.

Заңда Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық және жоғары сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі президенттің өкілеттігін өзгертуге қатысты нормалар көзделген. Президенттің қайта сайлау құқығынсыз 7 жыл мерзімге сайланатындығы туралы Конституцияның жаңа ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бекітілді, - деді Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.