Елімізде пойыз билеттері қымбаттайды

1 561

bilety-na-poezd.comӘлеуметтік желіде 2024 жылдың 1 қазанынан бастап пойыз билеті қымбаттайтынын туралы ақпарат тарады. Көлік министрлігі  ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақпаратқа сәйкес жол жүру ақысы 20% көтерілмек. Министрліктің хабарлауынша, кейбір бағыттар бойынша тариф көтеріледі.


"Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты бар. Оның 62-сінде тариф көтеріледі. Бұл өзгерістер көлік паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет. Ескере кететін нәрсе соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасы көтерілген жоқ (инфляция деңгейіне индексациялауды қоспағанда)", – делінген ведомство хабарламасында.


Министрлік жолаушылар вагондарының паркі 2667 бірлікті құрайтынын, оның 44% тозғанын нақтылады.


"Автопаркті жаңартуды жеке тасымалдаушылар да, ұлттық тасымалдаушылар да жүзеге асырып жатыр. Осылайша, 2023 жылы 118 бірлік, 2024 жылы 140 бірлік вагон сатып алынса, 2025 жылдан бастап жыл сайын 200 бірліктен астам вагон сатып алу жоспарланған. Ал 2030 жылға қарай сатып алу 1200 бірлікке жетеді, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасын (тарифін) көтеру "Темір жол көлігі туралы" Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады”, – делінген ақпаратта.


Автопаркті жаңарту жұмыстарына байланысты пойыз билеттерінің бағасы 2024 жылдың 1 қазанынан бастап көтеріледі деп жоспарланып отыр.