7 жылдан асқан автокөліктерді Қазақстанға кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

1 580

Фото: placepic.ru oboz.infoҚазақстан жеті жылдан асқан автокөліктерді елге импорттауға тыйым салуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы утиль алымы жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев мәлімдеді.


Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге 7 жылдан асқан автөліктерді одақ аумағына әкелуге тыйым салу туралы ұсыныс жасамақ.


«Жұмыс тобының қатысушылары 7 жылдан асқан көліктерді елге әкелуді шектеуді ұсынды. Біз бұған қарсы емеспіз. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына материалдарды енгізуге тырысамыз. Егер бес ел де бірауыздан бізді қолдаса, одақ аумағына мұндай автокөліктер кіргізілмейді. Бұл мәселені пысықтау міндетін біз өз мойнымызға аламыз», - деді Бектібаев утиль алымы жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауында.


Естеріңізге сала кетейік, утиль алымын алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойғаннан кейін, петиция үкімет деңгейінде қарау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы құрылды. Бүгін Алматыда петицияның қоғамдық тыңдауы өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.