"Қан ба?: өзенге белгісіз қызыл сұйықтық төгілді

1 574

Фото: видеодан скриншотҚошқар ата өзеніне белгісіз қып-қызыл сұйықтықтың ағып келіп жатқанын қала тұрғыны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Автордың айтуынша біреу мал сойып, қанын бұлақ суына ағызып жіберген болуы да мүмкін. Қазіргі таңда экологтар судан сынама алып, сапасын тексеріп жатыр.


"Қан ба, бояу ма әлі нақтыланған жоқ. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кез келген өзендерге түсетін жаңбыр, қар суларына тазалау қондырғыларын қою керек. Әкімшіліктің алған өз міндеттемесі бар", - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген қалалық экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.


Ал, Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғындар тарапынан әлі ешқандай шағым түспегенін айтып өтті. Сондай-ақ зертханалық тексерудің нәтижесі бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.