Құмар ойынға 750 теңге тіккен мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

1 551

Фото: Pixabay.comМаңғыстау облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойын ойнағаны үшін қызметінен шеттетілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 2023 жылдың 30 сәуірінде букмекерлік кеңсеге тіркелген. Ал 2025 жылдың қыркүйегінде өз ойын шотына 750 теңге аударып, бәс тіккені анықталды.

Ішкі тексеріс нәтижесінде бұл деректер расталып, қызметкер мемлекеттік қызметтен босатылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға, бәс тігуге немесе интернет арқылы осындай әрекеттерге қатысуға қатаң тыйым салынған.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.