Мектеп директоры оқушының зорланғанын жасырды деген күдікке ілінді

516

Фото: pixabay.comБатыс Қазақстан облысында адам аузы бармайтын қылмысты құзырлы органдардан жасырып қалды деген күдікпен мектеп директоры жауапқа тартылды.

Айта кетейік, осы өңірдегі Жаңақала ауданының тұрғыны он жастағы өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген. Бірақ қорғансыздың күнін кешкен періштеге ара түсуге ешкім асықпаған көрінеді. Енді олар осы салғырттығы үшін жауапқа тартылып жатыр. 

Мектеп директорына тағылған айыппен қорғаушысы келіспейді. Себебі қыздың жәбірленгенін алдымен ата-анасы немесе туыстары хабарлауы керек екен. Ал мектеп ұжымының олардан бұрын полицияға шағынуы міндетті емес дейді қорғаушы. 

"Біздің қорғауымыздағы директор мен прокурор екеуінің арасындағы ашу-араздықтың салдарынан іс насырға кетіп жатыр. Намысы тапталған прокурор Лариса Тұрарқызына солай айтып тұр ғой: «Мен сені жұмыстан шығартамын, соттатамын!» деп. Туған шешесі «параноидты шизофрения» диагнозымен есепте тұр, бір баласының ақыл-есі кеміс, үш баласын үш еркектен туған деген мәлімет бар", - деді қорғаушы Айсұлу Биялиева. 

Бұл уәжді заңгерлер де құптап отыр. Себебі қылмыс мектептен тыс жерде жасалған. Сондықтан ұстаздарды бұған кінәлаудың қисыны жоқ, деген пікірде. 

"Бұл іске оқытушылар мен директордың қандай қатысы бар? Егер осы оқиға мектепте болып, олар жасырып қалса, бірсәрі. Сондықтан бұған ең алдымен, ата-анасы мен туысқандары жауапты. Егер құзырлы органдар тергеуді осылай біржақты жүргізетін болса, онда психологтар бастаған мектептің бүкіл қызметкерін жабу керек сияқты", - деді "Адам құқықтарын қорғау жөніндегі»"Қазақстан халықаралық бюросының Батыс Қазақстан облыстық филиалының  директоры Павел Кочетков. 

Өгей қызына озбырлық жасаған ер адам өткен жылы 22 жылға сотталып кетті. Енді полиция қылмысты жасырып қалды деген күдікпен мектеп директорына іс қозғады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.