Байқоңыр тұрғындары Ресей азаматтығын алуға неге асықты?

3 678
Байқоңыр қаласында Ресей билігі жергілікті тұрғындарға Ресей төлқұжатын таратқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл жөнінде
MAITANOV_online телеграм арнасына оқырман жіберген ақпарат бойынша, Алматыдағы Ресей елшілігі Байқоңыр тұрғындарының азаматтығын өзгерту туралы өтініштерін қабылдауға әзір екендігін жариялаған.

 Атап айтқанда,

Ресей Федерациясының Алматыдағы консулдығы Байқоңыр қаласы тұрғындарынан ата-анасының бірі Ресей азаматы, екіншісі шетел азаматы болып табылатын балаларды Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініштерін қабылдайды. Қазірдің өзінде Ресей азаматтығына қабылданған қазақтардың аты-жөнінің тізімі бар. Ресей билігінің мұндай әрекеті Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді және Байқоңырда немесе елдің басқа аймақтарында (Шығыс Украинадағы ДХР/ЛПР деп аталатын) сепаратизм алғышарттарының туындау қаупін тудырады деп есептеймін, - деп жазылған телеграм арнадағы хабарламада.


Ең қызығы Ресей Федерациясының Алматыдағы консулдығы Байқоңыр тұрғындарынан ата - аналарының бірі Ресей азаматы, екіншісі шетелдік болып табылатын балаларды Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініштерін қабылдамақшы.


Тіпті, Ресей азаматтығын мақұлдаған қазақстандықтардың тегі жазылған тізім де бар.



Десек те, Қазақстан Республикасы президентінің"Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының ресми мәлімдемесі:


Байқоңыр қаласында Ресей тарапымен жергілікті тұрғындарға құжаттар таратылып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кету қажет, көшпелі консулдық қабылдауға екі ата-ананың да келуі міндетті. Ресей азаматы өтінішке қол қояды, ал екінші азамат өз баласын Ресей азаматтығына қабылдауға келісімін береді, - делінген.

 
Естеріңізге сала кетсек, Украин елімен қақтығысып жатқан Ресей Федерациясы тарапынан мобилизация жарияланып, азаматтардың басым көпшілігі қоныс аударуға мәжбүр болған. Алайда, Байқоңыр Қазақстан тарапынан Ресейге жалға берілген қала болғанымен елімізге тиесілі Қызылорда облысының аумағында екендігін естен шығармаған жөн. Десек те, байқоңырлықтар арасында «Ресей азаматтығын алсаң, жоғары жалақы беріледі екен» деген қауесеттер жиі тарауда.


Айта кету керек, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін кейбір елдер ресейліктерге виза беруді тоқтатқан. Мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдаудан Еуроодақ мүшелері Латвия, Эстония, Литва бас тартқан. Финляндия да еліне оралғысы келмейтін ресейліктерге виза бермейтін болды.




Қазақстан шетел азаматтарының елге кіруі мен елде жүруіне қатысты ережелерді де
өзгерткені жасырын емес. Кей сарапшылар мұндай ереже "Ресейде тағы мобилизация жариялануы мүмкін" деген сыбыс тараған шақта енгізілгеніне назар аударады.