Енді зираттан орынды онлайн таңдауға болады

2 512

Фото:© poleznoeАлматыда енді зираттағы орынды онлайн таңдауға және алдын ала брондауға болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақапарт агенттігі Stan.kz ақпараттық сайтынан сілтеме жасап.

 Қала тұрғындары мазараттардағы бос орынның бар-жоғын үйден шықпай-ақ білуге болады.  Қызмет Orynai сервисі арқылы жүзеге асырылмақ. Сайтқа кірген кезде қолданушыға екі батырма ұсынылған. Онда "Маманға қоңырау шалу" және "Жерлеуді ұйымдастыру" қызметін таңдайсыз. Біріншісі арқылы оператормен байланыс орнатуға болады. Ал екіншісін таңдаған жағдайда қаладағы негізгі зираттардың тізімі шығады. Қолданушылар әр зираттың картасын қарап, бейіт орындарының орналасуын көре алады. 

Картада:

сұр түсті тіктөртбұрыштар – толтырылған орындар;

қоңыр түстілер – резервтелген;

жасыл түспен белгіленгендері – бос жерлер.

Осылайша, қалаған орынды таңдап, ақысын төлеп, брондап қоюға мүмкіндік бар. Алматы қаласында жалпы 70 зират бар. Алайда олардың тек 9-ы ғана жерлеуге ашық. Қалған мазараттарға жерлеуге рұқсат берілмеген. Кейбірі онлайн брондау жүйесін қолдаған. Олардың айтуынша, бұл уақытты үнемдейтін әрі заманауи шешім.

Тамақтың өзін қазір онлайн тапсырыс арқылы береміз. Уақытымыз жоқ қой. Әр жерге барып, іздеп жүргенше осы жақсы. Қазір зираттарда орын жеткіліксіз дейді. Сөйтіп онлайн бар-жоғын біліп отырасың. Бәрі енді заман талабына қарай ғой. Қажет қой, – дейді қала тұрғыны.

Ал енді бір тұрғындар мұндай қызметті ерсі санаған. Олардың пікірінше, қабір орнын алдын ала брондау моральдық тұрғыдан ауыр әрі жат көрінген. 

Қай уақытта зияратты алдын ала алып қойғанын көрген едіңіз. Адам бүгін әлде ертең өле ме, ешкім білмейді дейді алматылық әйел.