"Етеккірі келген": Балабақшада 3 жасар қыздың жыныс мүшесіне зақым келген

854

Алматыдағы жеке балабақшалардың бірінде 3 жасар қыздың жыныс мүшесі зақымданған, - деп хабарайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"НеМолчи.kz" қоғамдық қорына үш жасар қыздың анасы жүгініп, көмек сұраған. Оның сөзінше, қызы Алматыдағы жекеменшік балабақшада зардап шеккен. Балабақшада қызының жыныс мүшесіне зақым келген, алайда балабақшадағылар жауапкершіліктен бас тартқан.


Әйел адамның сөзінше, балабақшадағылар хабарласып, "үш жасар қызыңызда етеккір басталды" деп хабарласқан. Зардап шеккен қыздың анасы көмек сұрап, бейнежазба түсірген. 


"Қиын жағдайға тап болдым. Қысқаша айтар болсам, 3 маусымда үш жасар қызымның жыныс мүшесіне 0,3×0,4 см зақым келген. Ол кезде камералар жұмыс істемей қалған. Әлі күнге дейін тергеу жүріп жатыр. Балабақша директоры кінәсін мойындамай отыр. Керісінше баланы мұндай жағдайға жеткізген мен екенін айтып отыр", - дейді қыздың анасы. 



Хирургтердің сөзінше, кішкентай қыз қатты соққыдан зардап шеккен. Әйел адам полиция істің мән-жайын өздері-ақ анықтайтын шығар деп ойлаған. Алайда полицияның өзі сол күні камералар жұмыс істемегендіктен ештеңе дәлелдей алмай отыр.  


Бұл жайтқа қатысты Алматының Полиция департаменті өкілдері пікір білдірген. 


"Бұл дерек тіркеліп, Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеумен айналысып жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу Алматының ПД басшылығының бақылауында", - дейді ПД өкілдері. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.