Лауазымды тұлғаға 8 млн теңге көлемінде пара берген экс-әкім 4 жылға сотталды

180

Шортанды кентінің бұрынғы әкімі лауазымды тұлғаға пара бергені үшін сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 15 мамырында Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы Шортанды кентінің экс-әкімі Ц. Мәмбет 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын орта қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтейді.


«Ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Сотталған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деді ведомстводан.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалық кәсіпкерге дизельді жеңілдікпен беруден негізсіз бас тартылғанын жазған едік.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.