Мемлекет басшысы мектептегі хиджаб мәселесіне нүкте қойды

2 702

Республикалық педагогтер съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб мәселесіне нүкте қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол еліміздегі Конституцияға бағынуды сұрады.


"Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс.

Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек”, – деді президент.


Ол зайырлы деген сөздің мазмұнына үңілді.


“Бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз", – деді ол.