Шенеунік мас күйде көлік жүргізген

1 531

Фото: PixabayЕкібастұзда 38 жастағы шенеунік 14 желтоқсанда таңертең Mercedes-Benz E240 көлігін мас күйде жүргізгені үшін ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Екібастұз қалалық сотының қаулысында Екібастұз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары таңғы сағат 5:00 шамасында Энергетиков көшесінде ұсталғаны айтылған. Полиция мас күйінде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырып, оны дереу сотқа жіберді.

Әкімшілік істі қарап шыққаннан кейін сот шенеуніктің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді.

"Ол  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалсын", – делінген Екібастұз қалалық сотының қаулысында.

Полиция жүргізуші куәлігін тәркілеуге міндетті, бірақ көлік қайтарылады деп көрсетілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.