Хайуанаттар бағында поляр қасқырлары алғаш рет пайда болды

1 500

Фото: pixabayҚарағанды хайуанаттар бағының тұрғындары қатарын Арктиканың қатаң табиғатына бейімделген сирек жыртқыштар толықтырды. Бір жастан енді асқан Ерла мен Гуля жаңа қоршауына орналастырылып, әзірге бейтаныс ортаға біртіндеп бейімделіп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жасы 1 жылдан асқан қасқырлар Қарағандыға 10 қыркүйекте жеткізілген.  

Жаңа мекеніне келген алғашқы күндері қасқырлар тыныштықта бейімделу кезеңінен өтіп жатыр. Олар қоршаудың әр бұрышын зерттеп, аумақты барлап, айналасындағы жаңа ортаға үйрену үстінде, Сондықтан әзірге жыртқыштар сақтық танытып, келушілердің назарына бірден іліге қоймайды.

Баққа барғандар қасқырлардың біреуін ғана көреді. Ол қоршау ішінде асықпай қозғалып, маңайын мұқият бақылап жүргенді ұнатады. Ал екіншісі көзден таса, оңаша жерде тынығып жатқанды қалайды.

Поляр қасқырдың басты ерекшелігі – ақшыл әрі қалың жүнінде. Жақыннан қарағанда оның ақ түсті терісінен, әсіресе арқа тұсынан, күңгірттеу түктерді аңғаруға болады. Қалың әрі үлпілдек құйрығы да бұл жыртқыштың өзіндік сипатын айқындай түседі.

Поляр қасқырының жүні әлдеқайда ашық, ал құйрығы ұзынырақ көрінеді. Дегенмен екі жануардың да дене тұрқы салыстырмалы түрде шағын. Қалың жүні оларды шын мәніндегі көлемінен ірілеу етіп көрсетеді.

Ерла мен Гуля Қарағанды хайуанаттар бағындағы алғашқы поляр қасқырлары.

Поляр қасқырларын арктикалық немесе ақ қасқыр деп те атайды. Табиғи ортада бұл түр тармағы Солтүстік Американың солтүстік бөліктері мен Гренландияны мекендейді.

Поляр қасқырының сыртқы бітімінің ерекшелігі оның табиғи ортасына байланысты қалыптасқан. Қалың әрі ақшыл жүні қарлы кеңістікте көзге түспей жасырынуға және дене жылуын сақтауға көмектеседі. Ал құлағы мен тұмсығының қысқалау болуы суық климат жағдайында жылуды барынша сақтауға мүмкіндік береді.

Енді Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтарының солтүстіктің ерекше жыртқыштарын жақыннан тамашалауға мүмкіндігі бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.