Онлайн казино жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов онлайн казино жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында сөйлеген Бижановтың айтуынша, блогерлер тарапынан онлайн казиноны жарнамалау кең таралған құбылысқа айналып, қоғамда құмар ойынға тәуелділікке әкеліп жатыр.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бүгінде 18 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы 37 инфлюенсер онлайн казиноны жарнамалаған.
Осыған байланысты агенттік онлайн казиноны жарнамалағаны үшін қаржы пирамидасын насихаттауға қарсы заңдарға ұқсас етіп, қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл ұсынысты үкімет қолдады.
Тағы да оқыңыздар







