Тергеу изоляторында мұсылманша некенің заңды күші жоқ
189
Қызылордада қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде қамауда ұсталынып отырған 1998 жылғы азамат 1991 жылғы әйелімен заңды некеге тұрды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қамаудағы азамат мекемеде ҚР ҚК 106- бабының 2- бөлігі 7- тармағы ( бұзық ниетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша ұсталынып отыр.
Қамаудағы азамат мекемеде ҚР ҚК 106- бабының 2- бөлігі 7- тармағы ( бұзық ниетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша ұсталынып отыр.
Бұгін мен күйеуіммен заңды некеге тұрып, неке куәлігін алдым. Екеуміз бас қосқанда некемізді мешітке барып қиғанбыз. Арамызда 10 айлық сәбиіміз бар. Жігітімнің мінезі қызба. Жұмыстан шаршап келе жатқанда көшедегі балалрмен сөзге келісіп қалып, ашумен осындай іс-әрекетке барған. Ешкім алдында не күтіп тұрғанын білмейді , білсек осындай болар ма еді? Әйтседе, неке куәлігін күйеуімнің туған күнінде алғанынымызға қуаныштымыз. Жабық мекемеде тек заңды әйеліне ғана кездесуге келуге болатын, мұсылманша некенің заңды күші жоқ екенін білмедім, - дейді 31 жастағы келіншек.
Бүгінде көптеген азаматтар мен азаматшалар мұсылманша некемен ғана шектеліп, бірге өмір сүріп жатыр. Алайда, олардың бірі істі болып біздің тергеу изоляторына түскенде барып, мұндай некенің заңды күші жоғын біліп жатады. Некелерін мұсылманша тіркегендер біздің мекемеге де, ішнәра түсіп отырады.
Соның бірі,бүгінгі неке куәлігін алған екі жас. Мекеме заңгері ретінде мен олардан, тергеу изоляторына келіп түскен ерлі-зайыптылардың біріне әйеліне не күйеуіне заңды неке куәлігі болса ғана кездесулерге келуге болатынын, яғни некелерін заңдастыруын талап еттім. Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз, оны мемлекеттік азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Тек заңды тіркелген некеге ғана мемлекет отбасы болғандықтан қамқорлық жасау туралы міндеттемелер алады деп айтып түсіндірдім - дейді, мекеме заңгері Асқар Мұратбек