Дүлей соққан дауыл ойын алаңымен қоса балаларды ұшырып әкетті
Қарағандыда ойын алаңқайының жабыны жел кезінде балалармен бірге ұшып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ekaraganda басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Голубые пруды шағын ауданында болған. Үш бала ойын алаңқайында жүгіріп жүргенде жел соғып, жабын балалармен бірге ұшып кеткен. Салдарынан бүлдіршіндердің бірі бірнеше метр жердегі үйдің жанына түскен.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына бір баланы жеткізіпті.
Қаз
Рус






