Қызылордада той кортежіне қатысқан 15 адам жауапқа тартылды

1 500

Фото:© Видеодан скринҚызылорда облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, жол апатына себепші бола жаздаған және жол бойында пиротехникалық құралдар пайдаланған той кортежінің қатысушылары анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 23 тамызға қараған түні Жаңақорған ауданында болған. Барлық қатысушы анықталып, полицияға жеткізілген.

Олар - Жаңақорған ауданының, Алматы және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ, Шымкент қаласының 21 мен 35 жас аралығындағы тұрғындары.

"Жауапкершілікке тартылғандар арасында 13 жүргізуші және 2 жолаушы бар. Барлығы заңда белгіленген тәртіппен жазаланды. Құқық бұзғандарға 56 әкімшілік іс қозғалды", - деді ІІМ өкілдері.

Олар қарсы бағытқа шығу, жол апаты жағдайын туғызу, қауіпті маневр жасау, көлік жүргізу құқығынсыз және техникалық ақауы бар көлікті тізгіндеу, ұсақ бұзақылық жасау, сондай-ақ, елдімекен аумағында пиротехникалық құралдарды заңсыз пайдалану бойынша жауапкершілікке тартылған.

Сот шешімімен үш жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған. Қатысушылардың біріне бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Қалғандарына әкімшілік айыппұлдар салынды.

Бес көлік арнайы тұраққа қойылды. Барлық қатысушыға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.