Түркістанда жас қызды тонап,ұрып кеткен
523


Түркістан қаласының жас тұрғынын көшеде тоқтатып, ақша беруін талап еткен. Осы оқиға бойынша қала тұрғыны тәртіп сақшыларына ескерткен.Содан кейін қаскүнемдер оны ұрып-соғып, қалтасындағы ұялы телефон мен 20 мың теңгені күштеп алып, қолындағы алтын білезікті шешіп алған. Жалпы шығын көлемі 200 мың теңгені құрайды.
Бұл факт қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді.
Оқиға орнына келген полицейлер тексеріс жүргізіп, куәгерлерден жауап алған. Нәтижесінде бір күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген. Полицейлер одан телефон мен білезікті тәркілеп, ұрланған заттарды өз егесіне қайтарды.