Пара алып ұсталған экс-әкім айыппұлмен құтылды

436
Пара алу кезінде ұсталған Ерекешевке ірі мөлшерде айыппұл салынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Серікжан Ерекешевке 59 миллион теңгеден аса соммаға айыппұл салыныпты.

Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 миллион теңге айыппұл салынды. Осы үкім бойынша Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаев 29,7 миллион теңге айыппұл төлейді,
— делінген агенттік ақпаратында.

Лауазымды тұлғалар серіктестік директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін күдікке ілініп, ұсталған болатын.

Әзірге сот үкім заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.