Еліміздің түрмелеріне тамақ жеткізетін қызмет пайда болды
463
Еліміздің бизнесмендері түрмелерге тамақ пен өзге де заттар жеткізіп беретін қызмет түрін ойлап тауып, оны жүзеге асырған. "Зона Маркет" деп аталатын сайтта біраз тауарлар табуға болады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, сотталған адам 2600 теңгеге бургер сатып жей алады. Жаңа піскен пицца да осындай бағамен сатылады. Сондай-ақ сайтта танымал тамақтану желілерінің фастфуды, әртүрлі салаттар мен ыстық тағамдар да бар. Ыстық тамақтар арасында суға піскен картоп та бар (бір адамға арналған порциясы 850 теңге)Сайтта тіпті темекі де сатылады, бағалары нарықтан арзан — бір қорабы 450 теңгеден сатылып жатыр. Тауарлар арасында сондай-ақ сабын, майлық, әжетхана қағазы сияқты жеке гигиенаға арналған заттар сатылады. Ал кеңсе заттары арасында қағаз бен қаламнан бөлек өте "қызықты" тауар — 1700 теңге тұратын Қылмыстық-атқару кодексі мен 200 теңге тұратын Азаматтық кодекс бар.

Бұл сервис бірнеше ай бұрын ғана іске қосылғанға ұқсайды. БАҚ беттеріндегі ақпаратқа сенсек, жоба авторлары сервисті Қазақстанның бүкіл өңіріндегі түрмелерге таратқысы келетін сияқты.