"Талибан" АҚШ әскеріне елден кетуге уақыт берді
399
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған) Сухейл Шахин 31 тамыз АҚШ әскері елден кетіп үлгеруі керек соңғы күн екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, егер Америка Құрама Штаттары немесе Ұлыбритания эвакуацияны жалғастыру үшін тағы уақыт сұраса, оның жауабы анық - рұқсат берілмейді. "Әйтпесе, мұның салдары болады", - деді ол.
"Бұл арамызда сенімсіздік тудырады. Егер олар басып алуды жалғастырса, оның жауабы болады", - деп қосты Шахин.

"Бұл соңғы күн. Президент Байден 31 тамызда барлық әскери күштерді шығаратынын мәлімдеді. Сондықтан, егер олар (елде болу уақытын) ұзартса, елді басып алуды ұзартып жатқанын білдіреді", - деді Шахин Sky TV телеарнасына берген сұхбат.

Қаз
Рус