Қызыл кітапқа енген бақбақты жұлғандарға айыппұл салынады

1 533

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©pixabay.comҚазақстанда Қызыл кітапқа енген бақбақ түрін жұлғаны үшін 13 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде ер адам Қазақстандағы кейбір бақбақ түрлері Қызыл кітапқа енгенін, оларды жұлғаны үшін 3000 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 13 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін екенін айтқан. Вице-министрдің сөзінше, Қызыл кітапқа бақбақтың тек бір ғана түрі енгізілген.

Қызыл кітапқа енгені – тек осы бақбақ түрі. Қалған бақбақ түрлері Қызыл кітапқа жатпайды. Жалпы Қызыл кітаптағы кез келген өсімдікті жұлғаны үшін 3000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, – дейді Нұркен Шәрбиев.

Ол айыппұл мөлшері 2019 жылы депутаттардың бастамасымен 10 есе ұлғайтылғанын атап өтті. Қазіргі таңда айыппұл көлемі – 3000 АЕК. Мұндай шара сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді қорғау үшін қабылданған.

Шартты түрде айтқанда, осындай 10-11 бақбақты жұлып алса, бұл түр мүлде жойылып кетуі мүмкін. Негізінен олар еліміздің оңтүстік өңірлерінде кездеседі, – деп қосты вице-министр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.