2024 жылы автокөлікті сақтандыру құны өзгереді

1 607

Өңірлерде апат көрсеткіші аз болса, сақтандыру құны да төмен болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2024 жылдан бастап автокөлікті міндетті сақтандыру құны өзгереді, деп хабарлайды қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Енді сақтандыру құнына көлік құралы тіркелген өңірдегі апат көрсеткіші ықпал ететін болады.

Өңірде апаттар аз болған сайын сақтандыру компаниясы аздау төлем жасайды және тиісінше, сақтандыру тарифі де азырақ болуға тиіс, - дейді ведомство.


Қазір сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау кезінде жүргізушінің жасы мен көлік жүргізу тәжірибесі, автокөліктің типі, оны пайдалану мерзімі, автомобильдің тіркелген өңірі мен жүргізушінің апат жасау жағдайлары есепке алынады.

Биыл қазанда агенттік 2024 жылға арналған түзету коэффициенттерін бекітті, олар көлік тіркелетін әрбір өңірге қолданылатын болады. Алдын ала болжам бойынша Қазақстанның 11 өңірінде автокөлікті сақтандыру құны төмендейді.

"Мысалы, Алматы қаласында 18%, Атырау облысында 29%-ке төмендейді. Ал 7 өңірде сақтандыру құны артады Мысалы, Астана аласында 5%, Шымкентте 9%-ке қымбаттайды. Қарағанды және Ұлытау облыстарында – сақтандыру құны өзгеріссіз қалады деп күтілуде", - дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Сақтандыру ұйымдары түзету коэффициенттерін жылына бір рет +/-10%-ға арттыруға немесе азайтуға құқылы.

Мұндай тәсіл автокөлікті сақтандырудың әділ құнын қамтамасыз етуге бағытталған және автокөлікті міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын уақытылы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.