2000 теңгелік купюра жарамсыз деп танылды
Ұлттық банк ескі банкноталарды айналымнан алып тастайды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттың пайдалану мерзімі 2026 жылдың 24-ші маусымында аяқталады. Бұрын ескі үлгідегі 10 000 теңгелік банкнот та 2026 жылдың 27-ші маусымында айналымнан алынып тасталатыны туралы хабарланған, бірақ қаржы реттеушісі мерзімді бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.
"Сіздерге 10 000 теңгелік банкноттардың параллель айналым мерзімі бір жылға – 2027 жылдың маусымына дейін ұзартылғанын хабарлаймыз",- делінген жауапта.
Егер азаматтар ескі банкноттарды жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жұмсамаса, оларды банктер мен Қазпошта бөлімшелерінде айырбастай алады. Сонымен қатар барлық кәсіпорын осы мерзімдер аяқталғанға дейін ескі банкноталарды қабылдауы керек екенін қосты.
Ұлттық банк "Сақ стиліндегі" жаңа банкнота сериясы айналымға біртіндеп енгізіліп жатқанын түсіндірді. Жаңарту кезеңінде ескі және жаңа банкноталар қатар қолданылады.
"Адамдар осы банкноталармен төлем жасай алады, сондай-ақ оларды жаңаларына айырбастай алады. Сонымен қатар банктер жаңа банкноталарды өңдеу үшін банкоматтар мен кассалық аппараттарды реттеп жатыр. Бұл тәсіл жеке тұлғалар мен кәсіпорындар үшін айырбастау кезінде асығыстық пен қолайсыздықтарды болдырмауға көмектеседі",- деді Ұлттық банк.







