Қостанай облыстық сотының алқа төрағасы пара алу үстінде ұсталды

627

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Асқар Дарбаев ірі сомада пара алып жатқан жерінде қолға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К. ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.


Фото: Суд,кзЖоғарғы соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, күдікті сот шешімін мүдделі тараптың пайдасына шығару үшін 19 млн теңге талап еткен.


"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен тексерісі барысында Қостанай қаласында облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды. ҰҚК Тергеу департаменті ҚР ҚК 366-бабының 3-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", — делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.


Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат берілмей отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.