Жеке сот орындаушысы өндіріп алушыға тиесілі 370 миллион теңгені жымқырды

1 559

Фото: freepik.comАлматы қаласында жеке сот орындаушы өндіріп алынуы тиіс қаражатты заңсыз иемденгені үшін жауапқа тартылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу деректеріне сәйкес, сот орындаушы қызмет бабын пайдаланып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам ақшаны өз пайдасына бағыттаған. Сонымен қатар, ол Range Rover маркалы автокөлікті заңсыз иемденіп, иесіне 19 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Алмалы аудандық сотының үкімімен күдіктінің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот орындаушысы қызметін атқаруға уақытша тыйым салынды. Аталған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.