Депутат сайлаудың әділ өтуі үшін учаскелерге камера орнатуды ұсынды

181
Депутат Қазыбек Иса сайлау әділ өтуі үшін сайлау учаскелеріне бейнебақылау камерасын орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Мәжіліс отырысында депутат Қазыбек Иса сайлау әділ өтуі үшін сайлау учаскелеріне бейнебақылау камерасын орнатуды ұсынды. Депутат Қазыбек Иса сайлауға қатысты сауалын  Премьер-министр Әлихан Смайыловқа  жолдады.

Ерекше назар аударатын мәселе – ешқандай сайлау комиссиясының мүшелері бюджеттік мекеменің қызметкері болмауы тиіс. 2017 жылдан бастап біз талай рет Орталық сайлау комиссиясына әр сайлау учаскесіне бейне бақылау орнату туралы ұсыныс жасағанбыз. Сонда сайлау комиссиялары да, бақылаушылар да, кез келген азаматтар да сайлаудың әділ болғанына, заң бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге және саяси бәсекелестік күшейген сайын күшейе беретін жанжады басуға мүмкіндік береді.  Мұндай бақылау дауыс берудің ең жақсы әрі ашық кепілі, - деді Қазыбек Иса. 


Депутаттың сөзінше,  сайлаудың қорытындысына ел сенім артады. Бейнебақылау камераларын автоматтық жүйесімен жабдықтау бірнеше сайлау учаскелеріне дауыс беретін карусельдерге тосқауыл қояды. 

Дауыс санау кезінде бақылаушыларға әр  беллютен белгісін жақын көрсетілуі керек. Бұл беллютен  арқылы дауысты қайта санауға мүмкіндік береді.  Себебі дауыс беру кезінде бюллетеньдердің жойылып кететінін білеміз. Ал, бейнежазба Орталық сайлау коммиссиясының серверінде сақталып қалады. Бұл шешім қоғам мен билік аясындағына сенімді арттырады. Алайда "Ақ жолдың" осы және 60 ұсынысын Үкімет пен билік партиясы, басқа фракциядағы әріптестеріміз қарсы шығып, өткізбей келеді. Мұндай бейнебақылау көп елде бар. Қырғызстан оны 10 жыл бұрын енгізген, - деп атап өтті  Қазыбек Иса. 

Оның айтуынша, Үкіметтің сылтау етіп отырған қаржылық шығынын талай бағдарламаларға жұмсаған шығыннан артық емес.

Мемлекетке ел сенімі мен қоғам тұрақтылығы қажет пе? Қажет болса, сайлау әділ өтуі үшін түрлі сылтаумен кедергі жасамай, осы ұсынысты қолдауы қажет. "Ақ жол" еліміздегі барлық сайлау учаскелерінде бейнемониторинг енгізуді қайта ұсынады. Әділ сайлау өткізу үшін бұдан басқа жол жоқ, - деді Қазыбек Иса.